jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ШҚО-да жол апатынан көлікте қысылып қалған адам құтқарылды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: ШҚО ТЖД

    Шығыс Қазақстан облысында Глубоковский ауданындағы тасжолда ірі жол апаты болды. Зардап шеккен адамға құтқарушылардың көмегі қажет болды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, ШҚО ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан азаматтар қауіпсіздік шараларына тиісті назар аудармайды. Олар қатты жел соғып, боран болғанда да жолға шығып, жол ережелерін сақтамаған.

    Глубокое ауданында "Секисовка-Быструха" автожолында жол-көлік оқиғасы болған.

    "Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД құтқарушыларының көмегі қажет болды, олар гидравликалық құралдың көмегімен Camry автокөлігінің шанағының бөлшектерін ашып, зардап шеккен азаматты абайлап шығарып алды. Оны жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті", - делінген хабарламада.

    ШҚО ТЖД "Қазгидромет" ақпараты бойынша өңірде 9-10 ақпанда дауылдық ескерту жарияланғанын, жаңбыр, қар жауып, боран, көктайғақ болып, қатты жел соғатынын еске салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.