jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада автобус, жүк көлігі және автокөлік соқтығысты: әйел қаза тапты

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/astana_brothers

    Астанада автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында болған.

    "Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады полиция.

    Ведомствоның мәліметінше, жол апаты салдарынан бір әйел қаза тапқан.

    Астанада автобус, жүк көлігі және автокөлік соқтығысты: әйел қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.