jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Жолаушыларды түсіріп жатқан": Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

    Полиция көлігі
    Полиция көлігіндегі жарық сигналы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматының Алатау ауданында екі автобус соқтығысты – апат салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бекболат пен Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы екі автобус соқтығысқан.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, №75 автобустың жүргізушісі арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды мінгізіп, түсіріп жатқан №102 автобуспен соқтығысқан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті.

    Қазір апаттың мән-жайын Алатау ауданының полиция басқармасының мамандары анықтап жатыр.

    Айта кетейік, Алматыда 5 наурызда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Оқиға салдарынан автобустың төрт жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек алған. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    "Жолаушыларды түсіріп жатқан": Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram