jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда жүк көліктердің кептелісі пайда болды: полиция жағдайға қатысты түсінік берді

    Жол апаты
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

    Желіде Алматыдағы Рысқұлов көшесіндегі көліктер кептелісі түсірілген видео пайда болды. Бұған жол апаты себеп болған. Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Kris_p_almaty_official Telegram-арнасы Алматыдағы Рысқұлов даңғылының бойында болған кептелістің видеосын жариялады. Жол апаты салдарынан көлік қозғалысы тоқтап, кептеліс пайда болған.

    Жол-көлік оқиғасына қатысты NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беріп, жол апаты болғанын растады.

    "Екі жүк көлігі Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып, оңға бұрылу кезінде олардың біреуі соқтығысты, зардап шеккендер жоқ.

    Жол қозғалысын патрульдік бригада қалпына келтірді. Сонымен бірге бұл жол-көлік оқиғасын Алатау аудандық ІІБ қызметкерлері назарға алғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомстводан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.