jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда Lexus көлігімен соқтығысқан мопед жүргізушісі қаза тапты

    Мопед
    Мопед. Көрнекі фото: pexels.com

    Желіде Алматыдағы мопед жүргізушісінің көз жұмуына әкелген жол апаты болған жерден түсірілген видео пайда болды. Алматы полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Видеода Алматыдағы Төле би даңғылы мен Шәріпов көшесі қиылысында адам өліміне әкелген жол апаты болғаны айтылған.

    Алматы полиция департаментінде жол апаты дерегін растап, NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

    "13 сәуірде сағат 19:20-да Алматының Алмалы ауданындағы Төле би даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында екі мопед пен Lexus көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

    Салдарынан мопед жүргізушілерінің бірі алдын ала мәлімет бойынша, жол айырығындағы тыйым салынған бағдаршамнан өтіп кеткен. 2003 жылы туған азамат З. оқиға орнында қаза тапты. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ведомство өкілдері.

    Былтыр күзде Алматыда көлік самосвалмен соқтығысып, салдарынан жасөспірім қаза тапқан болатын.

    Сондай-ақ сәуірдің басында Алматыда баламалы көлік түрлерін басқаратын тұлғалардың құқықбұзушылықтарын анықтау жұмыстары күшейтілгенін жазған едік. Қалада мопедтер мен скутерлер қозғалысы қадағаланады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.