jitsu gif branding logo appbranding logo app

    СҚО-да жеңіл көлік пен трактор тіркемесі соқтығысып, үш адам қаза тапты

    Жол-көлік оқиғасынан кадр
    Жол-көлік оқиғасынан кадр. Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

    Астана-Петропавл тасжолында жолаушылар мінген жеңіл көлік трактор тіркемесіне соқтығысты. Салдарынан үш адам қаза тапты,деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Солтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда жол апатынан үш адам қаза тапты.

    21 шілдеде "Астана – Петропавл" тасжолында Қызылжар ауданы Бескөл аудан орталығынан 3 шақырым жерде Infiniti FX45 жүргізушісі сол бағытта келе жатқан "Беларусь" тракторының тіркемесіне соқтығысқан.

    Салдарынан Infiniti көлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 1996 жылы туған тағы бір жолаушы орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. 35 жастағы тракторшы зардап шеккен жоқ.

    Жақында ғана Жетісу облысындағы Алматы – Өскемен тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты.

    Сондай-ақ Алматыда екі адамның өмірін қиған түнгі жол-көлік оқиғасын да жазған болатынбыз. Көлік қарсы жолға шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан еді.

    СҚО-да жеңіл көлік пен трактор тіркемесі соқтығысып, үш адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.