jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда жол апатынан екі адам зардап шекті

    Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Павлодарда қала көшелерінің бірінде екі көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 шілдеде Жібек жолы көшесінің бойында Jac көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан.

    "Жол апаты салдарынан Jac көлігінің екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті өкілі.

    Көліктер айып тұрағына қойылған. Тексеру жүріп жатыр.

    Еске салсақ, 9 маусымда Ақтөбе – Астрахань тасжолында қайғылы жол апаты тіркелген еді. Таңғы уақытта, ауылға жақындап қалғанда жүргізушінің көзі ілініп кеткен. Оқиға кезінде екі адам көз жұмып, бір адам зардап шекті.

    Павлодарда жол апатынан екі адам зардап шекті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.