jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда облысында ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты: жарақат алғандар бар

    полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ағымдағы жылы 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.

    "Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Алғашында полиция қызметкерлері оқиға орнынан алты адамның денесін шығарды. Кейін қаза болғандардың саны артып, тағы екі оқушының денесі шығарылды.

    Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол жарысына қатысу үшін шыққан. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Көп ұзамай өңір әкімі жол апатына қатысты пікір білдіріп, жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

    Қызылорда облысында ірі жол апаты болып, бір адам қаза тапты: жарақат алғандар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.