jitsu gif
Оқыс оқиға

    Балалар ауыр халде: Ақтау маңында жол апаты болды (видео)

    Оқиға орнында жиналып тұрған адамдар
    Оқиға орны. Видеодан кадр: lada.kz

    Ақтау маңында болған жол апатынан екі бала зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының өкілдері мәлімдеді. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дәрігерлердің айтуынша, жол апаты 13 қыркүйек кешкі уақытта болған. Жедел жәрдемге қоңырау 21.07-де түскен. Жол апатынан 2008 және 2022 жылы туған екі бала (қыз) зардап шеккен.

    Олар ауыр халде Ақтау қаласындағы өңірлік балалар ауруханасына жеткізілді. Олар жан сақтау бөлімінде жатыр. Қыздардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Үлкеніне ота жасалған. Дәрігерлер әлі нақты мәлімет берген жоқ.

    Ал облыстық полиция департаменті өкілдері көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Тергеу жүргізіліп жатыр, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп мәлімдеді департамент өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.