jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда 17 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер жолағында жүк көлігі қағып кетті

    Жаяу жүргінші жолағы
    Жаяу жүргінші жолағы. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Петропавлда жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қақты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Петропавлдағы Жамбыл және Челюскин көшелерінің қиылысында болған. 

    "ЗИЛ КО-510" жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 17 жастағы тұрғынын қағып кетті. Түрлі дене жарақатын алған жасөспірім жедел жәрдем көлігімен емдеу мекемесіне жеткізіліп, жатқызылды.

    Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді, алдын ала мәлімет бойынша - мас емес. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған, жағдайы ауыр.

    Петропавлда 17 жастағы жасөспірімді жаяу жүргіншілер жолағында жүк көлігі қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.