jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды ​маңында көлік тасжолдан шығып кетіп, аударылып қалды

    Жол-көлік оқиғасы
    Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: instagram.com/ekaraganda.kz

    Қарағанды облысында көлік аударылып, жол-көлік оқиғасы болды. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабаралуынша, 30 қыркүйекте таңғы сағат 8 шамасында Қарағанды-Дубовка тас жолында алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet Cobalt көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылып кеткен.

    Оқиға салдарынан екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

    Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады.

    Еске салсақ, бұған дейін "Алматы-Өскемен" тасжолында жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, аударылып қалған еді. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

    Қарағанды ​маңында көлік тасжолдан шығып кетіп, аударылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.