jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "560 пәтер газсыз қалды": Ақтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары кезінде қазылған шұңқырға көлік түсіп кетті

    шұңқырға түскен көлік
    Шұңқырға түскен көлік. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

    Ақтөбеде газ тарту жұмыстары жүргізіліп жатқан шұңқырға көлік түсіп кетті. Нәтижесінде газ құбырына зақым келді. Қалада сегіз тұрғын үй кешені, яғни 560 пәтер газсыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға Ақтөбе қаласының Алтын Орда ауданында тіркелді. Облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, көлік жүргізген әйел алкогольдік масаң күйде болған.

    "3 қазан сағат 6:30-да Мercedes көлігінің 39 жастағы жүргізушісі шұңқырға түсіп кетті. Жүргізуші әйел зардап шеккен жоқ. Жүргізілген сараптама қорытындысы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкенін көрсетті. Хаттама жасалып, іс сотқа жіберілді", - деп хабарлайды облыстық ПД.

    Ақтөбе қаласы әкімдігінің хабарлауынша, "Сұңқар" тұрғын үй кешеніне газ тарту үшін жеке газ қызметі қазу жұмыстарын жүргізген. Шұңқыр айналасы қоршалған.

    "Бұл тұрғын үй кешенінің жұмысын Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасынан сұратып, мобильдік топ заңдылығын тексереді. 560 пәтер, 8 үй газдан үзілген. Қазіргі уақытта апаттық қалпына келтіру жұмыстары аяқтау сатысында", - деді Ақтөбе қаласы әкімдігі өкілдері.

    Автор: Ардақ Ерубаева

    "560 пәтер газсыз қалды": Ақтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары кезінде қазылған шұңқырға көлік түсіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.