jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    6 адам қаза тапты: Қазақстан шекарасы маңында жүк көлігі апатқа ұшырады

    ЖКО-нан кейінгі көлік
    ЖКО-нан кейінгі көлік. Көрнекі фото: Yaraslau Mikheyeu / Getty Images

    Маңғыстау облысында көлік соқтығысып, Өзбекстанның алты азаматы көз жұмды, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. KAZ.NUR.KZ бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, 16 қазанда таңғы сағат 7.30-да Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac көлігі жол көлік оқиғасына ұшыраған.

    "Автокөлік жолдың шетінде шекарадан өту кезегін күтіп тұрған "Ман" жүк көлігімен соқтығысты", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

    Көлікте барлығы 10 адам болды.

    "Оның ішінде 4 адам Бейнеу Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Олар қажетті емді толық көлемде алады", - деп нақтылады өңірдің полиция департаментінің өкілі.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасына қатысқан барлық көлік Өзбекстан Республикасында тіркелген.

    "Жәбірленушілер мен қаза тапқандар Ресей Федерациясынан оралған Өзбекстан Республикасының азаматтары", - деп атап өтті Маңғыстау облысы полиция департаментінің өкілі.

    Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға туралы Өзбекстанның Ақтау қаласындағы Бас консулдығына хабарланды.

    6 адам қаза тапты: Қазақстан шекарасы маңында жүк көлігі апатқа ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.