Оқыс оқиға

Зектілері

"Жол бермеген": Астанада Chevrolet көлігі бір бүйіріне аударылып қалды (видео)

Жарияланған күні:

Астанадағы жол апаты
Астанадағы жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/zhaloby.astana

Астанада Chevrolet және "ВАЗ" көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан көліктердің бірі бүйіріне аударылып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорданың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі Zhaloby.astana парақшасында жарияланған видеода Chevrolet маркалы автокөлігінің шетке аударылып жатқанын аңғаруға болады. Аталған видеоға қатысты Астана қалалық ПД баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылының бойымен келе жатып, Нәжімеденов көшесі жағынан Байтұрсынов көшесімен қиылысында көлік құралына жол бермеген. Салдарынан қарама-қарсы бағытта тіке келе жатқан "ВАЗ" көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Chevrolet Nexia бір бүйіріне аударылған", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі дене жарақаттарын алған. Оған қатысты материал Астана әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сотының қарауына жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2176518-zhol-bermegen-astanada-chevrolet-koligi-bir-buiirine-audarylyp-qaldy-video/