jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Астана әуежайы маңында екі көлік соқтығысып қалды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: instagram.com/astana_brothers

    Астанада Kia және Hyundai көліктері соқтығысып, соңғысының жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Instagram-дағы Astana_brothers парақшасында апат салдары бейнеленген видео жарияланды. Жазбаның астындағы ақпаратқа сүйенсек, оқиға әуежай маңында болған. Кадрдан полиция көлігі мен жол апатына түскен екі көлікті көруге болады. Көліктердің бірі жол жиегінде жатыр. Екінші көліктің алдыңғы жағы қатты зақымдалған.

    Жол апатына Астана қаласының патрульдік полиция полкі түсініктеме берді.

    "Киа Cerato жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен әуежайға қарай келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан.

    Соққының салдарынан Hyundai Elantra жарық бағанасына соғылып, жол жиегіне қарай сырғып кеткен. Hyundai Elantra жолаушысы ауруханаға жатқызылып, тексеру жүргізілуде", - деп түсіндірді полиция.

    Астана әуежайы маңында екі көлік соқтығысып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.