jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында жол апатынан 4 адам тірідей өртеніп кетті

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: www.facebook.com/dvdatyrau

    Атырау облысында бір сағат бұрын жолда ескерту алған жүргізуші жол апатына түсіп, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы өңірлік полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 26 қазан күні Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Орал тасжолында 4:00 шамасында Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жол жүрісі ережесінің талаптарын бұзғаны үшін жүргізушісіне хаттама толтырған. Оған қоса полицейлер оған түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керектігін ескерткен.

    Алайда, ескертулерге қарамастан таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау-Орал тасжолында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Көлік толықтай отқа оранды. Қазіргі уақытта атағалған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

    "Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Жол қателіктерді кешірмейді! Өзіңіздің және өзгелердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмей, алыс сапарларға түнгі мезгілде шықпауларыңызды және шаршаңқы күйде көлік басқармауларыңызды сұраймыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар", - деп үндеу жасады тәртіп сақшылары.

    Атырау облысында жол апатынан 4 адам тірідей өртеніп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.