Павлодарда жедел жәрдем көлігі ұшыраған жол апатының куәгерлері іздестіріліп жатыр
Жарияланған күні:

Павлодарда жедел жәрдем көлігі шақыртудан кейін келе жатып, жол апатына ұшырады. Қазір қалада жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен бейнебақылау камералары түсірген жазбалар іздестірілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Nissan жеңіл автокөлігі мен Hyundai маркалы жедел жәрдем көлігі Мәшһүр Жүсіп пен Теплов көшелерінің қиылысында жолды бөлісе алмады.
"Біз жол-көлік оқиғасының куәгерлерін, сондай-ақ шындықты анықтауға көмектесетін бейнекамералардың жазбаларын іздеп жатырмыз. Жедел жәрдем жүргізушісі оның жанып-өшіп тұрған жасыл шамда жүріп келе жатқанын айтады, бірақ бейнебақылау камералары оның қызыл шамда жүріп өткенін түсіріп алған", - деп жазды оқиғаға қатысушы әлеуметтік желіде.
Ал, облыстық жедел жәрдем станциясы жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлады. Оқиға орнынан ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Сондай-ақ, №1 қалалық ауруханаға барған Nissan жолаушысына кейінірек омыртқасының компрессиялық сынуы деген диагноз қойылғаны белгілі болды.
"Hyundai жүргізушісі Теплова көшесінің қиылысында Nissan Prairie көлігімен соқтығысып, бағдаршамды соққан", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты.
Жедел жәрдем станциясы тергеу қорытындысы бойынша 103 қызметі тәртіптік шаралар қолданатынын қоса кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2180096-pavlodarda-zhedel-zhardem-koligi-ushyragan-zhol-apatynyng-kuagerleri-izdestirilip-zhatyr/