jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстанда алып тас таудан құлап, көліктегі үш адам мерт болды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: t.me/kashyhxb

    Өзбекстанда үлкен тас таудан құлап, жол бойында келе жатқан көлікті басып қалды. Оқиға салдарынан көлікте болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Gazeta.uz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өзбекстанның Қашқадария облысы жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 16:00-де Ташкент – Термез тасжолында болған. Үш адам да оқиға орнында көз жұмды.

    Басылым мәліметінше, оқиғаға байланысты жолдағы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

    Петропавлда жергілікті тұрғын жеке үйді бұзып жатқанда, қабырға құлап, ер адам қаза тапқан болатын.

    Еске салайық, Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, тұрғын қаза тапқан еді.

    Өзбекстанда алып тас таудан құлап, көліктегі үш адам мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.