jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте жол апаты болып, екі көлікке зақым келді (видео)

    Жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: otyrar.kz

    14 қараша түнгі 1 шамасында Шымкентте Hyundai Elantra мен Toyota Camry көлігі жол апатына түсті. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, екі көлік те Рысқұлов көшесінің бойында Восток ықшамауданына қарай бара жатқан.

    Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai Elantra жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, алда келе жатқан Toyota Camry көлігіне соқтығысқан.

    Салдарынан Toyota маркалы көлігі жиекке шығып кетіп, қоршаулар мен ағашқа соғылған. Абырой болғанда, ешкім жарақат алған жоқ. Тек көлік құралдарына айтарлықтай дәрежеде зақым келді.

    Шымкентте жол апаты болып, екі көлікке зақым келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.