jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты (видео)

    Апат
    Апат: Түркістан облысының полиция департаменті

    Түркістан облысындағы тасжолдардың бірінде жол-көлік апаты болып, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, полиция Түркістан облысы "Жетісай – Жібек Жолы" тасжолында 4 адам қаза тапқан жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

    "Жол апаты "ВАЗ" маркалы автомобильдің "Вольво" жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан болған. Оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан", - деп атап өтті Түркістан облысының полиция департаменті өкілдері.

    Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ведомство өкілдері барлық мән-жайды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады.

    Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.