jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Өскемен – Самар тасжолында жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/f16_kaz

    ШҚО аумағындағы Өскемен – Самар тасжолының 75-шақырымында қайғылы жағдай болды – жол үстінде көлік жарылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Облыстың Самар ауданында тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін жүк көлігімен тасымалданатын заттың жарылуы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты", - делінген ведомство хабарламасында.

    Полиция өкілдері бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

    Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Тергеу барысын Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы бақылауға алған.

    Еске салсақ, 15 қарашада Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша рульге ие бола алмай қалып аударылған.

    Өскемен – Самар тасжолында жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.