jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда жасөспірім қаза тапқан жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

    Аурухана іші
    Аурухана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Павлодарда түнде болған жол-көлік оқиғасы бойынша кәмелетке толмаған екі оқушы қалалық ауруханаға жатқызылды. Мектеп оқушыларының ата-анасы жазаға тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz басылымы.

    Басылым мәліметінше, көлікте болған 15 жастағы жолаушы жабық бас сүйек жарақатын алған, миы мен өкпесіне зақымданып, сондай-ақ төменгі жақ сүйегінің сынған.

    №1 қалалық аурухана жеткіншекке ота жасалғанын айтты. Оқушы қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінде жатыр.

    Басылым мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы да ауруханада жатыр. Облыстық балалар ауруханасында оған бел омыртқасының және екі тізесі буынының көгеруі мен созылуы диагнозы қойылды.

    Тексеруден кейін 19 жастағы жүргізуші амбулаторлық емдеуге жіберілді.

    Еске салайық, 24 қараша қараған түні Павлодарда жол апатынан бір қыз қаза тауып, екі жасөспірім зардап шеккенін хабарлаған едік.

    Павлодарда жасөспірім қаза тапқан жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.