Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болды: екі адам қаза тапты
Опубликовано:

6 желтоқсан күні Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тасжолында болған.
"Екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапқан", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол ережесін сақтауға шақырды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2197373-samara-shymkent-taszholynda-zhol-apaty-boly-eki-adam-qaza-tapty/