Алматы облысында жол бойында полицейді көлік қағып кетті
Жарияланған күні:

20 желтоқсанда, Алматы облысы полициясының алдын ала мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі көктайғақта көлікті басқара алмай, полиция инспекторын қағып кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жариялаған мәліметке қарағанда, жол апаты кезінде полиция инспекторы көз жұмған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 20 желтоқсанда Toyota Camry 35 жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 42 шақырымында келе жатып, көктайғақ жағдайында рульді басқара алмай, облыстық патрульдік полиция батальоны қызмет инспекторына қағып кетіп, сонан соң инерциямен Hyundai Elantra қызметтік автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Өңір полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауға, әсіресе тұман және көктайғақ кезінде сақ болуға шақырды.
"Сіздің ұқыптылығыңыз бен сақтығыңыз жол қауіпсіздігінің кепілі екенін ұмытпаңыз", - деп ескертеді полицейлер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2203058-almaty-oblysynda-zhol-boiyndagy-politseidi-kolik-qagyp-ketti/