Тежегіш істен шыққан: Астана-Щучинск автожолындағы төлем терминалында жүк көліктері соқтығысты
Жарияланған күні:

Астана-Щучинск автожолындағы тежегіштердің істен шығуы төлем терминалындағы жол-көлік оқиғасына себеп болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана-Щучинск ақылы учаскесінде жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттілігін көрсететін оқиға болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің бірі төлем терминалының алдында тоқтаған, ал екінші жүк көлігі тежеу жүйесінің істен шығуына байланысты баяулай алмады. Екі жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде ешкім зардап шекпеді. Алайда оқиға салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді, дейді компания өкілдері.
Бұл жағдай автомобильдерді уақтылы техникалық тексеруден өткізудің маңыздылығын тағы бір рет еске салды. Әсіресе қыс мезгілінде темір тұлпардың тежегіш жүйесінің, шиналардың және басқа да негізгі тораптарының күйін үнемі тексеру қажет.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүргізушілерге шлагбаумдар мен төлем терминалдарының алдында сақ болуды және жылдамдықты төмендету қажеттілігін ескертеді.
"Салыстырмалы тұрғыда әлдеқайда ұзақ тежеу жолын қажет ететін ауыр көлікті басқарсаңыз, ерекше мұқият болыңыз.
Сонымен қатар ауа райының қыстағы ерекшелігін ескеру қажет. Өйткені суық, көктайғақ және қар автомобильге түсетін жүктемені және жүйелердің істен шығу қаупін арттырады.
Жол қауіпсіздігі – бұл әр жүргізушінің жауапкершілігі. Естеріңізге сала кетейік, уақтылы техникалық тексеру және жол ережелерін қатаң сақтау өмірді сақтап қалуы мүмкін", - делінген мәлімдемеде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2204294-tezhegish-isten-shyqqan-astana-shuchinsk-avtozholyndagy-tolem-terminalynda-zhuk-kolikteri-soqtygysty/