Қарағанды облысындағы автожолда 19 жеңіл көлік соқтығысты (видео)
Жарияланған күні:

23 қаңтарда сағат 12:30-да Балқаш - Қарағанды бағытында 19 көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мекемесі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ҚазАвтоЖол мекемесінің хабарлауынша, 2025 жылғы 23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург-Алматы тас жолының Балқаш - Қарағанды аралығында, яғни 1492–1855 шақырымында көлік қозғалысы ашылған.
"Мұндай шешім ауа райының жақсаруына және көлік кептелісіне байланысты қабылданған. Қозғалыс Қарағанды облысының полицейлері мен "ҚазАвтоЖол" қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ұйымдастырылды.
Сағат 12:30-да осы учаскеде – 1630 шақырымда 19 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері жүр. Бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонна қозғалысында болмаған", - делінген хабарламада
Апаттың алдын ала себебі - жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты сақтамау.
Апат туралы толық ақпарат анықталып жатыр.
Кейін ТЖМ баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайды хабарлады.
Telegram-дағы 112 қызметінің ресми арнасының хабарлауынша, оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психологтар, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы және жедел жәрдем дәрігерлері дереу келген.
"Оқиға орнында ТЖМ вахтасы орналасқан, онда жолда қалған жолаушыларды жылынады. Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 9 адам жеткізеді. Қазіргі уақытта кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылады", - дейді Шет ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Мереке Жапаров.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2214492-qaragandy-oblysyndagy-avtozholda-iri-zhol-apaty-boldy/