jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы - Бішкек тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты

    жол апаты
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/police_almobl

    4 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

    Қайғылы жағдай Алматы - Бішкек тас жолының 102-шақырымында болды.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.

    Алматы - Бішкек тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.