Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Опубликовано:

Маңғыстауда Бейнеу-Сайөтес тасжолында жол апаты болып, салдарынан бірнеше адам көз жұмды. Toyota Camry көлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облысы полиция департаменті өкілдері баяндады, деп хабарлайды Lada.kz.
Өңірдің полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты Бейнеу-Сайөтес тасжолында 6 ақпан күні болған. Toyota Camry және КамАЗ көлігі соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлікте отырған 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал оның жүргізушісі Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Жүк көлігінің жүргізушісіне көмек қажет болмады.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Байқаусызда бір немесе бірнеше адамның өлімімен аяқталған көлік құралын пайдалану кезінде жол ережесін бұзу). Тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2219198-manggystauda-zhanturshigerlik-zhol-apatynan-4-adam-qaza-tapty/