jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанада автобус апатынан 15 адам зардап шегіп, жеті адам ауруханаға жатқызылды (видео)

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 21 ақпанда кешкісін автобустың бағанаға соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Астана денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 21 ақпанда автобустың бағанаға соқтығысуы салдарынан №1 қалалық көпсалалы ауруханаға 15 адам түскен, оның төртеуіне ота жасау қажет болған.

    "Тексеру нәтижесінде дәрігерлердің ұсынысымен 8 адам амбулаторлық ем қабылдауға үйлеріне жіберілді. 7 науқас одан әрі емделу үшін ауруханаға жатқызылды, оның төртеуіне ота жасалды. Науқастардың барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, толық көлемде қажетті ем алып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

    Жол апаты Бараев көшесінде болған. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус бағанға соғылған. Жол апаты кезінде автобуста шамамен 25 жолаушы болған.

    Журналист Михаил Козачковтың телеграм-каналында жол апатының видеосы жария болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.