jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жаңаөзенде жол апатынан екі бала қаза тапты

    Терезесі шытынаған көлік
    Жол апаты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Сәрсенбі, 12 наурызда Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты. Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды Lada.kz.

    Басылым мәліметінше, әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар жариялана бастаған. Кадрлардан жолдан шығып кетіп, аударылып қалған көлікті байқауға болады.

    Зардап шеккендерге көмекке сол маңдағы өзге көлік иелері келіп, аударылған көліктен адамдарды алып шыққан.

    Әлеуметтік желілерде жария болған ақпаратқа сенсек, жол апаты Жаңаөзен тас жолында болған.

    Маңғыстау облыстық жедел әрі шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі оқиғаның 12 наурызда кешкісін болғанын хабарлады.

    "Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, оның екеуі — балалар. Кәмелетке толмаған балалар аурухананың қабылдау бөлмесінде қайтыс болды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

    Облыстық полиция департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

    Жаңаөзенде жол апатынан екі бала қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.