jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақмолада жабылған жол бөлігін айналып өтпек болған көлік суға батып кетті: бір адам көз жұмды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скрин

    Ақмола облысында құтқарушылар көлік ішінде жүргізушімен бірге болған екі жолаушыны судан аман алып шықты. Өкінішке қарай көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.kz.

    Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес жол қозғалысына шектеу қойылғанына құлақ аспай өтіп кеткен көлікті су ағызып әкеткен.

    "5 сәуірде "Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай —РФ шекарасы" автожолының 963-шақырымын су шайып кетуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізіліп, блок-бекет қойылды. Дегенмен жүргізуші тыйым салынғанына қарамастан, блок-бекетті айналып өтіп кетті. Алайда су басқан учаскені өтіп жатқан кезінде оны су ағызып әкетіп, көлік су астына кетті", — делінген хабарламада.

    Көлікте үш адам болған. Олардың екеуін құтқарушылар мен полицейлер аман алып қалды. Зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Ал жүргізушінің денесі 02:30 шамасында табылды.

    "Полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері қазақстандықтарға үндеу жолдап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және шектеу енгізілген су тасқыны қаупі бар жол учаскелерінен өтпеуді сұрады", — делінген хабарламада.

    Ақмолада жабылған жол бөлігін айналып өтпек болған көлік суға батып кетті: бір адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.