jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атбасарда Mercedes көлігі төрт адамды қағып кетті: зардап шеккендер арасында балалар бар

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақмола облысының Атбасар қаласында Mercedes маркалы көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олардың қатарында екі бала бар. Барлығы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Жол-көлік оқиғасы 12 сәуір күні болған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    "Жол апатынан кейін төрт адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға бойынша тергеу басталды", — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

    Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, көлік құралдарының техникалық жағдайына көңіл бөлу қажет екенін еске салды.

    49 жастағы әйел бас-ми жарақатын және бел тұсынан соққы алған. Орташа ауыр халде ауруханаға түсіп, травматология бөліміне жатқызылды.

    Жасөспірім басы мен жамбас тұсының ауырсынуына шағымданып, травматология бөліміне қабылданып, симптоматикалық ем алып жатыр.

    61 жастағы әйелдің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Оған облыстық нейрохирургтер қашықтан кеңес беріп, бақылау мен емдеу бойынша ұсыныстар берілді.

    2018 жылы туған бала басының желке тұсынан жарақат алған. Қабылдау бөлімінде жағдайы нашарлаған соң, шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Облыстық балалар нейрохирургтерімен кеңес жүргізіліп, емдеу тактикасы бекітілді.

    Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, ол санавиация арқылы Көкшетау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылмақ.

    Атбасарда Mercedes көлігі төрт адамды қағып кетті: зардап шеккендер арасында балалар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.