Жол апатына ұшыраған Алматы облысы әкімі орынбасарының жағдайы белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы жол апатына түскен өңір әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың жағдайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, есін біледі. Алматы облысында белгіленген хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың жол апатына ұшырағаны белгілі болған еді.
Облыстық полиция Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Әсет Масабаев биыл 23 қаңтарда Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған еді.
Сондай-ақ ол Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2263618-zhol-apatyna-ushyragan-almaty-oblysy-akimi-orynbasarynyng-zhagdaiy-belgili-boldy/