jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    955 адам қайтыс болды: Бас прокуратура еліміздегі жол-көлік оқиғаларының артуына байланысты дабыл қақты

    Терезесі шытынаған көлік
    Жол апаты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бас прокуратура елімізде жол-көлік оқиғалары көбейгенін мәлімдеп, азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, 2025 жылдың 6 айында елімізде 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға артық.

    6 айда Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының салдарынан 22 346 адам зардап шегіп, оның 955-і қайтыс болған.

    Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі республикалық маңызы бар тас жолдарда тіркелген – 1 401. Салдарынан 3 146 адам зардап шеккен. Олардың 2791-і жараланып, 355-і қайтыс болған.

    Ең көп ЖКО Алматы – 404, Ақмола – 126 және Жамбыл – 121 облыстарында тіркелген.

    Жол-көлік оқиғасына кінәлілер:

    • Жеңіл автокөлік (ЖКО саны – 12 046), автобус (520), мопед (438), жүк көлігі (390) жүргізушілері.
    • Жаяу жүргіншілер – 428.
    • Велосипедшілер – 114.
    • Шағын электр көлік құралының жүргізушісі – 58.
    • Электр самокат жүргізушісі – 48.

    Жол апаты салдарынан жараланған балалардың саны 74,3 пайызға (3185-тен 5552-ке) дейін, көз жұмған балалар саны 7,1 пайызға (126-дан 135-ке) дейін өскен.

    Қаза тапқандардың көпшілігі – Түркістан (27 адам), Алматы (17 адам), Жамбыл (9 адам) және Жетісу (9 адам) облысының тұрғындары.

    Осы орайда Бас прокуратура қайғылы салдарға жол бермеу үшін азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

    955 адам қайтыс болды: Бас прокуратура еліміздегі жол-көлік оқиғаларының артуына байланысты дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.