jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    СҚО-да полицейлердің қатысуымен тағы бір жол апаты болды

    Полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетау-Рузаевка трассасында патрульдік көлік аударылып, екі полиция қызметкері жарақат алды. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп СҚО-ның полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Hyundai Elantra қызметтік көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы "Көкшетау-Рузаевка" тасжолында орын алды.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, жолдың бір ұзақ бұрылыстарында жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан патрульдік машина жол жиегіне шығып кетіп, төңкеріліп түскен. Жол-көлік оқиғасы кезінде қызметтік міндетін атқарып жүрген екі полиция қызметкері жарақат алды. Олар әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - делінген полиция хабарламасында.

    Жол апаты оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде.

    СҚО-да полицейлердің қатысуымен тағы бір жол апаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.