jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Үш адам зардап шекті: Семейде автобус пен манипулятор соқтығысып қалды

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: Абай облыстық ПД

    Семейде автобус пен манипулятордың қатысуымен жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті, деп Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, Абай-Шәкәрім көшелерінің қиылысында манипулятор бағдаршамның жасыл белгісіне өтіп бара жатып, бортынан шығып кеткен кранмен жолаушылар автобусына соққан. Автобустың ішінде 20 шақты адам болған.

    Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен екі жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйлеріне қайтарылды.

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: Абай облыстық ПД

    "Жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оның көлігі арнайы тұраққа жеткізілді", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Үш адам зардап шекті: Семейде автобус пен манипулятор соқтығысып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.