jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Үш адам қаза тапты": Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

    Жол белгісі
    Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды. Омбы - Майқапшағай тасжолында қос көлік бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы Омбы - Майқапшағай тасжолында орын алған. Toyota Avensis тізгіндеген 25 жастағы жүргізуші жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Тізгінге ие бола алмай, Nissan Serena көлігіне бетпе-бет соқтығысқан.

    Жол апатынан екі көлік те қатты зақымдалған.

    "Қарсы бағытқа шыққан жүргізуші мен 24 жастағы жолаушы оқиға орнында тілге келместен көз жұмды. Ал 46 жастағы екінші көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Салонда болған тағы екі жолаушы ауруханада жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр", - делінген телеарна материалында.

    Дереккөз: КТК.

    "Үш адам қаза тапты": Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.