jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Маңғыстаудағы автобус апаты: зардап шеккен 42 адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр

    Ауруханада жатқан ер адам.
    Ауруханада жатқан ер адам. Иллюстрациялық фото : Witthaya Prasongsin/Getty Images

    Маңғыстау облысында төрт адам қаза тапқан автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 16 қаңтарда Ақтау-Бейнеу тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен 42 адам Бейнеу көпсалалы орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

    Олардың төртеуі жансақтау, 13-і травматология бөлімінде жатыр. Ал қалғандары амбулаториялық емдеуге жіберілген.

    "Зардап шеккен барлық адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай үнемі бақылауда", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі Маңғыстау облысында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алғанын мәлімдеген еді.

    Автобус салонында барлығы 50 адам болған.

    Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Маңғыстау облыстық ПД қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

    Маңғыстаудағы автобус апаты: зардап шеккен 42 адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.