jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтөбеде жантүршігерлік апат болды: 5 адам қаза тапты

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Скриншот: instagram.com/aktobe_zello

    Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. "ВАЗ" автокөлігі мен DAF жүк көлігінің соғылуы салдарынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды өңірдегі ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Instagram-дағы Аktobe_zello паблигінде Ақтөбе облысындағы тасжолда жол апаты болғаны және салдарынаны бірнеше адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Жазбада оқиға орнынан делінген суреттер де жарияланған.

    Аталған деректі Ақтөбе облысы полиция департаменті растады.

    "Ақтөбе облысында, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының маңында "ВАЗ" және DAF автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты нәтижесінде көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

    Бір жолаушы түрлі жарақат алып, Байғанин ауданы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

    Ақтөбеде жантүршігерлік апат болды: 5 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.