jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алты адам зардап шекті: Алматы маңында автобус пен пойыз соқтығысты (видео)

    Пойыз бен автобус соқтығысты
    Пойыз бен автобус соқтығысты: t.me/kris_p_almaty_official

    Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды "Қазақпарат".

    Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

    Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жол-көлік апаты Боралдай кенті маңында болған.

    Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматы - Боралдай - Шамалған станциясы бағытындағы автожолдағы теміржол өткелінде жол ережесін бұзған маршруттық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген.

    Қазір бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Алты адам зардап шекті: Алматы маңында автобус пен пойыз соқтығысты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.