jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БҚО-да мектеп автобусы жол апатына ұшырады: зардап шеккендер бар

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    БҚО-да жол көлік-оқиғасы болды. Зардап шеккендер арасында балалар да бар, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жол-көлік оқиғасы бүгін, 31 наурызда сағат 14:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында болған.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан мектеп автобусы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

    "Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

    БҚО-да мектеп автобусы жол апатына ұшырады: зардап шеккендер бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.