jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    30 адам ауруханаға жеткізілді: Қарағанды облысында 50 адам мінген вахталық автобус аударылды

    Жол апаты болған жер
    Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Қарағанды облысында салонында 50 адам болған вахталық автобус аударылды. Зардап шеккен үш адам тікұшақпен медициналық мекемелерге, тағы 30 адам ауылдық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Бесоба ауылынан 15 км жерде вахталық автобус аударылған.

    Көлік салонында 50 адам болған. ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсеткен.

    ТЖМ әуе кемесімен зардап шеккен үш адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілген.

    Сондай-ақ ТЖМ күштері вахталық көлікпен жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандарының сүйемелдеуімен 30 адамды Ботақара ауылының ауруханасына жеткізген. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде деп бағаланып отыр.

    Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, "Матақ" ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, "Қазавиақұтқару" және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Жағдай ТЖМ бақылауында.

    30 адам ауруханаға жеткізілді: Қарағанды облысында 50 адам мінген вахталық автобус аударылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.