jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырауда мектеп маңында қыз бала көз жұмды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: azh.kz

    Бүгін Атырауда мектеп маңында қайғылы оқиға болды. Қыз баланы көлік қағып, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 сәуірде сағат 07:45 шамасында Атырау қаласында жаяу жүргіншіні қағу фактісі тіркелген.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, 1974 жылғы жүргізуші басқаруындағы Toyota Hiace автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды", - делінген Атырау облыстық ПД ұсынған ақпаратта.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

    Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады.

    Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

    Атырауда мектеп маңында қыз бала көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.