jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы жол апаты: Zeekr автокөлігінің жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына жеткізілді

    Изолятор
    Изолятор. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты жаңа деректер жарияланды. Zeekr көлігінің жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала полициясына сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша күдіккті деп танылған ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды.

    "Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетінің бақылауында болған және соттың санкциясымен қамауға алынған.

    Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстау үшін тергеу изоляторына жеткізілді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты.

    Полиция Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқанын мәлімдеді.

    26 наурызда Zeekr жүргізушісін соттың санкциясымен қамаққа алу шарасы қабылданды.

    Сондай-ақ жол апатынан кейін Алматы полиция департаментіндегі бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылғаны хабарланды.

    Алматыдағы жол апаты: Zeekr автокөлігінің жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.