jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

    Жол апаты
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: Photo by Zaporizhzhia Regional Military Adm./Anadolu via Getty Images

    Ақтөбе-Жайсаң тасжолында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Өңірлік ПД-ның Instagram-дағы аккаунтында жарияланған мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 10 сәуірде сағат 23:00 шамасында ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктерінің қатысуымен болған.

    Жол апаты салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Ал Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.

    Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Ақтөбе облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

    Әсіресе түнгі уақытта жылдамдықты асырмау, қарсы бағытқа шықпау, көлік құралын басқару кезінде шаршаған немесе ұйқы қанбаған күйде рульге отырмау қажеттігін еске салады.

    Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.