Алматыда Шығыс айналма жолында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кеше түнде Алматыдағы Шығыс айналма жолында жол апаты болып, салдарынан көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 5 мамырда сағат 22:35-те Алматының Медеу ауданында болған.
Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Шығыс айналма жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Subaru көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне шығып кетіп, кедергілерге – жарнама тақтасына және ағашқа соқтығысқан. Содан кейін көлік аударылған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.
"Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп мәлімдеді ПД-ның баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2373588-almatyda-shygys-ainalma-zholynda-adam-olimine-akep-soqqan-zhol-apaty-boldy/