jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Полицейлерден қашқан": Таразда жол апатынан жасөспірім қаза тапты

    Терезесі шытынаған көлік
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Таразда жол апатынан жасөспірім қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Полицейлер түнде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Audi көлігінің жүргізушісін тоқтатуға тырысқан. Алайда жүргізуші оны елемей, қаша жөнеліпті. Жасөспірім тізгіндеген көлік бағанға соғылған. Бір жолаушы сол жерде қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімнің ата-анасы да жауапқа тартылады. Ал жарақат алған екі бала дәрігерлердің бақылауында.

    "Балалар ауруханасына 16 жастағы екі науқас жеткізілді. Бірінші науқас жеңіл жарақаттар алған, ол тұрғылықты жеріне амбулаторлық бақылауға жіберілді. Екінші науқастың сүйектері сынған, оған ота жасалды, науқастың жағдайы бірқалыпты. Науқас өзінің тиесілі емін алып жатыр, жағдайы тұрақты", - дейді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Демеу Әліпбаев.

    "Полицейлерден қашқан": Таразда жол апатынан жасөспірім қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.