Қызылорда-Павлодар тасжолында әйел бес баласымен жол апатына түсті
Жарияланған күні:
Павлодар облысында автомобиль жылқыға соғылып, оның ішінде отырған әйел мен бес балаға медициалық көмек қажет болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қызылорда-Павлодар тасжолының Айнакөл ауылы маңында жол апаты болды. Жеңіл автокөлік жылқыға соғылған.
Облыстық ТЖД дерегінше, оқиға 13 мамырда сағат 21:55-те болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жылқыға соғылған. Оқиға орнына Павлодар облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы жедел түрде шықты. Дәрігерлер зардап шеккен алты адамды — бір әйел мен жасы 2-ден 12 жасқа дейінгі бес баланы тексеріп, барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетті", - делінген хабарламада.
Балалар анасымен бірге әрі қарай бақылау және ем алу үшін балалар ауруханасына жеткізілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2376738-qyzylorda-pavlodar-taszholynda-aiel-bes-balasymen-zhol-apatyna-tusti/