jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Үш адам қаза тапқан Алматыдағы жол апаты: адвокат іс сотқа жолданғанын айтты

    Әл-Фараби даңғылы бойында болған жол апаты
    Әл-Фараби даңғылы бойында болған жол апаты. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_kz

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 28 мамырда өтеді. Мұны жәбірленушінің адвокаты Олег Чернов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, енді іс сот қарауында. Ішкі істер министрі мен президенттің тапсырмасы барынша қысқа мерзімде орындалды. Алдын ала сот отырысы 28 мамыр сағат 15:00-де Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді", - деді Олег Чернов Instagram желісіндегі парақшасында.

    Сондай-ақ ол Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне қылмыстық істі объективті әрі жедел тергегені үшін алғыс білдірді.

    Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты.

    Полиция Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқанын мәлімдеді.

    26 наурызда Zeekr жүргізушісі қамауға алынды.

    Сондай-ақ жол апатынан кейін Алматы полиция департаментіндегі бірқатар лауазымды тұлға қызметінен босатылғаны хабарланды.

    Үш адам қаза тапқан Алматыдағы жол апаты: адвокат іс сотқа жолданғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.