jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

    Терезесі шытынаған көлік
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапты. Ол 45 жаста еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақжайыққа сілтеме жасап.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 26 мамырда болған. Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге жұмысқа бара жатқан қызметтік автокөлік тасжолда аударылған. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалды.

    Басылымға аудан әкімі орынбасарының қазасын Атырау облысының әкімдігі растады.

    "Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидің кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз", - деп хабарлады облыстық әкімдіктегілер.

    Келесі айда ол 46 жасқа толатын еді. Артында бес баласы қалды.

    Басылым мәліметінше, Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газеттің тілшісі болып бастаған. 2023 жылғы 30 қаңтардан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

    Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.